Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  88


Автор: Рафаэль Ниязбек

“ТЕНТЕК” ДЕЙДІ...

Тұла бойым неліктен сілкінеді,
Жүрегімнен Расул боп жыр түледі.
“Тентек” дейді оны жұрт
Сол тентектік –
Тектілігі шығар-ау...
Кім біледі.
Өйткені ол асуым –
Аса алмаған,
Өйткені ол нар тұлғам –
Қашалмаған.
Дана болған қазақты естігем жоқ,
Бала болып еркелік жасамаған.
Жаңа күннің тұрсақ та белесінде,
Сенбейсің бе сен бұған, сенесің бе.
Өзің білгін –
Жалындап өте ме Адам
Болмаса егер бір жалын денесінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу