Өлеңдер ✍️

  17.04.2022
  100


Автор: Рафаэль Ниязбек

ИТЕРДІҢ-АУ КЕУДЕМНЕН...

Көк ала бұлт көгінде түтіндеген,
Күттім сенің бағыңды күтілмеген.
Ағаңа енді не дейсің
Әй, інім-ай,
Шұрық тесік көңліңді бүтіндеген.
Сырымды да жасырмай көңілдегі,
Алып бердім орныңды өмірдегі.
Жас шыбық боп көктесін деп ем, сені,
Өркен жайған осынау өңірдегі.
Кете бардың сөзіме құлақ аспай,
Қыңыр ғана жаралған қу ағаштай.
Сол үшін де жағыңнан тартпақ едім,
Қарсы ұмтылдың өзіме тұра қашпай.
Сала берді өзгеріп түр-түсім де,
Жандай болып жаралған күлкі үшін де.
Жалғыздығым тағы да еске түсті
Жүрсем-дағы қаптаған жұрт ішінде.
Бұғалықты салдың-ау бұға келіп,
Өзіңді-өзің сол жолы бұла көріп.
Итергенің кеудемнен емес пе бұл
Әй, інім-ай,
Жағаға шыға беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу