Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
372
БАЛАЛЫҚ
Өткенменен ісі жоқ,
Ертеңгіден қам жемес,
Бәрі түгел, көңілі тоқ,
Шаршайтұғын жан емес.
Құрғақ жолды шаңдатқан,
Киімімен су кешіп,
Көбелек қуып жарысқан,
Кім жетер деп гулесіп.
Қанбайды бір ойынға,
Жалықпайды балалық.
Жүргендей бақыт тойында
Шарықтайды балалық.
Түтіні жоқ жалындай
Шатты сонша балалық.
Сыр шелектің балындай
Тәтті сонша балалық.
Саратан-зауза күніндей
Ыстық сонша балалық.
Жайлаудың жасыл гүліндей
Қызық сонша балалық.
Дәл шаңқай түс секілді,
Ішіңде жоқ алалық.
Қымбат шағы өмірдің
Уайымсыз шақ балалық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter