Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
164
![](/uploads/shorttexts/author_image/bekhozhin.jpg)
* * *
(1814)
Ұсынып өзінің тек атын алға –
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Сыйлап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?
Шындық қой мұнысы да, көз салып көр
Өзгені зор тұтқаның – өзіңе сор.
Ұсынсаң өмір жолын өзгелерге,
Өмірде өзіңе тек кезігер тор.
Көрдім мен талай шенді ұлықтарды,
Күндейтін бірін-бірі бүлік жанды,
Құлмақты құмалақтан айырмайды,
Жасауға шебер түрлі қылықтарды.
Сақтауға тозған абырой, шірік істі,
Кемітер олар жаңа сыпырғышты;
Ал жаңа сыпырғыш та мансап үшін;
Мән бермес ескілікке, сыры күшті.
Бір-бірін халықтар да сөгіп, тілдеп,
Мұқатып жүрген жоқ па қастық тілеп.
Білсейші халық біткен, бәріңде де
Ежелден бір емес пе мақсат-тілек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter