Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
117
ЖЫР СЫРЫ
(1814)
Жырла қандай нақыл бар,
Күші неде, анықта?
Ұғып соны ақындар,
Мақұлдасын халық та.
Махаббаттың лебімен,
Әуелі жыр шалқысын.
Тәтті үнге төгілген,
Наз жүректер балқысын.
Содан соң жырда бал шырын,
Жақұттай бір жайнасын.
Елтіп соған ғашығың
Жарыса бір сайрасын.
Содан соң ата салтымыз,
Бас, батырлық айғайға,
Тәңір тұтқан халқымыз
Жеңген ерді майданда.
Ақыры, отты жүрекпен
Қарғыстап бар сұмдықты,
Жырлайық ізгі тілекпен
Барлық ғажап шындықты.
Шықсын осы төрт әуен,
Баяғыша жаңғырып,–
Хафиздей сонда болып сен,
Елің сүйер мәңгілік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter