Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
158
СУ ҮСТІНДЕГІ РУХТАРДЫҢ ЖЫРЛАРЫ
(1779)
Адамның жаны
Жаңбыр ғой бейне!
Аспаннан саулап,
Сусылдап кейде,
Жерге кеп аунап –
Жаңғырып, мәңгі
Еселеп жаумақ.
Қияның қилы
Қырынан ырғып,
Шұғыла нұрлы
Шаңдатып зырғып,
Сен бұлтты жарып,
Жартасқа қонып,
Тайғанап жылжып,
Бұрқылдап қайнап,
Сусылдар қайта
Төменде жайнап.
Жартасы қозғап,
Жол ашар тасқын.
Бұрқанып маздап,
Сатылап тасты –
Шыңырауға қарғыр.
Ағыңдар жылдам,
Сайларға нулы,
Көлдерден тұнған.
Көреді нұрлы
Жұлдыздар жүзін.
Жел менен су –
Келіскен жойқын
Жел соқса шалқыр,
Тереңнен толқын.
Адамның жаны,
Суға сен ұқсас!
Тағдырың сенің,
Желге де ұқсас!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter