Өлеңдер ✍️
ЖОЛАУШЫНЫҢ ДАУЫЛДАҒЫ ЖЫРЫ
(1771)
Сұсты құдірет жебелеген сол адам –
Қорықпайды найзағайдан, жауыннан,
Өшпес ерлік жүрегінен, жанынан.
Сұсты құдірет жебелеген сол адам –
Сусылына жаңбырдың
Шартылына бұршақтың
Үн қосады жырымен дауыл толғаған.
Торғай сынды
Күңгірт көкте зарлаған.
Сұсты құдірет жебелеген сол адам –
Көтерілер лай балшықтан, тұнбадан.
Қанатымен қызыл түсті желеңнің
Аттар әрі
Үстімен гүлді белеңнің.
Девкальон шыңырауынан ол асар,
Жыландарды жаралап тың өр басар,
Аполлон Пифийский.
Сұсты құдірет жебелеген сол бір жан,
Жеңіл жұмсақ қанаттармен сақталған.
Шыңда ғана қонақтайды сәл мүлгіп,
Жарық түнде, жыныс ағаш ішінде,
Түнек баспай қауырсынмен қапталған.
Сұсты құдірет жебелеген сол бір жан,
Аяздарға қалың құйын бораған,
Жылылыққа бөленеді жай тауып,
Жылылықты аңсар муза толғанып,
Ару-қыздар бұлғақтайды ойды алып.
Музалар, маған келіңдер,
Шаттық үнмен шуылдап!
Бұл – жауын,
Бұл – құрғақ жер,
Бұл – дала, аққан су ғой суылдап,
Мен соларды басып өтер дауылмын,
Мен құдайдың бауырымын!
Су нұрындай сендер мөлдірсіңдер,
Жер кеніндей асылсыңдар, сендер,
Сендер менімен біргесіңдер,
дауылмын,
Самғаймын су үстінде, жер үстінде,
Құдайға мен бауырмын!
Ол оралды,–
Сол түсті қара жалын жан?
Ол қайта оралады сеніп саған.
Бромий – әзіз пір,
Жылы аяға қайтадан!
Орала ма серің сонау өрінен?
Ал мен, маған рақат көрінген
Арулар мен жеңіл муза әулием,
Кемень, грация сендерден
Мен артықпын ерекше,
Әсемдікке бөленген,–
Мейірімімен Алланың,
Әлемді сәндеп көргендерді таң қылып.
Келем мен!–
Құрырмын әлде шалдығып?
Бромий – ата-әулие,
Данасың ойды меңзеген.
Жүз жылғы дарқан әлемге!
Феб – Аполлон,–
Жерге тәңір болғанша,–
Сен, жанның отысың,
Пиндарға жандың сен қанша!
Қасірет! Қасірет! Құпия жалын,
Соқ, жүрегім, жалындап,
Менің қорғаным!
Аполлонға қарсы соқ дабылдап!
Өйтпесең ол,
Салқын қарап өтер де
Зәбірлі көзін қадар кеп,
Жайқалып тұрған көк терекке,
Менсіз қалай өсті деп.
Сені неге мұнша кейін шақырдым?
Сені,– өлең-жыр туған жалындап?
Сен жырдың шыңысың,
Сен қайнарсың өлең атқан арындап,
Сен жырда күркірейсің,
Су құдіреті Зевс!
Шегіршін тоғай ішінде.
Жоқ! Кездеспейсің
Сен балапан кептермен,
Зілсіз қолда мүлгіген
Маңдайын сипап наз гүлмен.
Сен, оған – тілінен бал тамған
Анакреонға бер сәлем
Құдай сен, дауылмен бұрқанған.
Теректердің түбінде,
Мешкей, даңғой елінде,
Маңдайды күн қақтаған
Таулардың биік белінде,
Сен жайратпаған
Бәйшешекке бөленген,
Балдай жылтыраған,
Нәзік сырмен арбаған,
Бар анда Феокрит.
Сайыс алаңында
Найзағай дөңгелегі
Жеткенде зымырап мәреге,–
Шырқады көкке,
Даңқпен жайнап.
Сайыстың жас өрендері!
Құммен құйындап
Айбынды құздан,
Жауғандай бұршақ –
Үрей мен ерлік бір дулап
Қызара жандың, Пиндар,
Сен – қызбасың ба?
Әлсіз жанмын!
Адырлардың сыртында.
Періште көп самсаған!
Қайратым бітті, мен талдым.
Хұжырам тұр алдында!
Жетсем екен тек соған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter