Өлеңдер ✍️
МАХАББАТ ТРИЛОГИЯСЫНАН
«Элегиядан» үзінді
(1824)
Тұншықса адам қайғы шегіп азаптан,
Құдай маған қасіретіңді шерт деді.
Сағынышты кездесуден не күтем?
Әлі күнге жайылмаған гүл ме екен?
Дозақ, пейіш-шаттық қасірет – гүл ме сол?
Наз жаныңды енді шүбә кернеген.
Жоқ қой шүбә! Пейіштің ол алдында,
Махаббаты – ұқсар гүлді бағыңа.
Сол бір сәтте жан рақатқа баттың сен,
Періштедей мәңгілікті таптың сен.
Үміт, арман, қайғы да жоқ – бұл сәтте,
Бұл пейішім жайнар мәңгі ақ гүлмен.
Құшағында абзал, асқан арудың,
Кездейсоқ – сол қасіретіңнен арылдың.
Қоштасар сәт! Шаттығыңды бұздың да,
Сүйіктіңнің жабыстың сен аузына.
Басып бәсең, кеттің әрең пейіштен,
Қуғандай-ақ сұм исрафиль өшіккен.
Алдың – түнек, көзіңде мұң өксігі,
Артың – пейіш, бекітілген есігі.
Кенет жүрек тарылды тез бұйығып,
Сүйіктіге көрмегендей қиылып,
Аруынан таппағандай бақытты,
Сәулесінен жұлдыз бұққан иіліп,–
Шүбә, уайым зілді ауыр, дерт енді,
Буды оны, нажағайлы бұлт төнді.
Кетті-ау сәулем! Қасіреттің зілімен,
Өшті жаным, әлім құрып, біттім мен,
Көз алдымда бұлдырады елесі,
Тұл жүректе дес бергендей – түнектен.
Тереземнен таң сыз берді, сол бір сәт,
Елестеді сәулем туған күн құсап.
Еске түсті маған айтқан ақ сыры:
«Сағат сайын бұл өмірдің көп сыйы.
Өткеніңнен есте қалар аз мүлде,
Келешекті болжай алмас ешкімде.
Кештен күттің қасіретті сен бүгін,
Екеумізге бақытты шақ – туды күн.
Ер соңымнан – қуанышпен бас алға.
Аш көзіңді әп-сәтте сол! Гәп – сонда!
Махаббатты, ерлікті де жай істі,
Ал өмірден жылы жүзбен, мәз бол да.
Сәбидей сен баршасын да сүйсең шын,
Бәріне де батылсың да иесің.
Айту оңай!– деп ойладым – әлбетте,
Мейірімді боп жүрсің ғой тек бір сәтке.
Сені әркім, болса сенің қасында
Сүйіктім дер, арбалар да бұл дертке.
Қатал тағдыр егер бізді айырса,
Өсиетің маған, сірә, міндет пе?!
Кеттің ғой сен! Енді мүшкіл бұл шақтан
Нені күтем? Жүрегіммен мұң басқан.
Шырмаламын ауыр тордай көріп мен
Ізгілікпен, әсемдікті көндігіп,
Қайғы қуып сенделем де құмда мен
Жүрегімді жаспен жуып күңіренем...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter