Өлеңдер ✍️

  16.04.2022
  141


Автор: Қалижан Бекхожин

БАҚТАШЫ ЗАРЫ

(1802)
Тұрып таудың басында,
Сайға төніп қарадым.
Мұндай қиын асуда,
Сүйенгенім таяғым.
Қойларымның соңынан,
Итімді ертіп жүгірдім.
Тас қиядан, шоғырдан
Өттім әрең, сүріндім.
Бәйшешекке толқынды,
Қызықтым да қарадым.
Жұлдым, бірақ сол гүлді,
Алып кімге барамын?
Дауыл менен жауыннан,
Кәрі терек қорғады.
Таныс есік жабылған,
Көрген түстей сол-дағы.
Күркіресе, жай өтсе
Сол үй тұсы жарқылдар.
Кетті, сәулем, келмеске,
Кім бар енді зар тыңдар?
Сол сүйіктім жоғалған,
Жат өлкеде жүр білем.
 Шәй-шәй қойым, бас жылдам,
Мұң арқалап жүрмін мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу