Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.04.2022
136
БЕЛИНДАҒА
(1775)
Несіне мені шақырдың,
Салтанатты думанға?
Қызығы жастық шағымның
Өткенде шағын ұямда.
Өтті-ау түнгі, айлы шақ,
Аяда тыныш мүлгіген,–
Сәулеңмен шалқып, қиялдап,
Түс көргендей зырғып ем!
Бақытым, пәк арманым,
Елестеп бәрі түсімде –
Түнектен жайнап жанарың,
Сәулем, түстің есіме.
Шулы топта, маған жат,
Булығып түтін – жалынға,
Отырар ем масайрап,
Болсаң сен тек жанымда!
Жоқ, көкте емес көктемім,
Гүлде де емес нұр төккен,
Менің аям – періштем,
Қайда болсаң – сен көктем.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter