Поэмалар ✍️
БАҺРАМ ТУРАЛЫ ХИКАЯНЫҢ БАСТАЛУЫ
Сақтаушы асыл гауһар құпиясын,
Інжуден ашты жаңа қазынасын.
Көктегі таразыда қос кесе бар,
Бірін тас, ал біреуін гауһар басар.
Қос сипатты әлем де алар көктен,
Кейде інжу,
кейде тасты құлап кеткен.
Шаһтардың ұрпағы да солай бейне,
Кейде гауһар,
қара тас туар кейде.
Әкеге тарта бермес ұлы дәйім,
Тастан да кейде інжу шығар дайын.
Бұл ғибрат бұрынғыдан бізге қалған,
Яздигер тас болғанда,– інжу Баһрам.
Әке қырды жұртты, ұлы сый ұсынды,
Гауһар мен тас, тікен мен жүзім сынды.
Тас әке – жұрт аяғын жаралады,
Ем үшін, ұл бәлзәмін аямады.
Баһрамның тұңғыш күні жарқ еткенде,
Әкенің жаманатын түнерткенде.
Сәуегей мунашшимдар1 – ел данасы,
Білгірі күн мен айдың ғұламасы.
Шоғырын жұлдыздардың тұрды көздеп,
Елесін қорғасынның көрерміз деп.
Көрді олар саф алтынды бірақ көктен,
Теңізден –
інжу тастан маржан төккен.
Көрді олар ұлылықтың жеңіс даңқын,
Келешек бұлдырынан күнді жарқын.
Мұштари жайнап Балық шоғырында
Оңынан Зуһра жанды таң нұрында.
Зуһраға жетті бұл түн Айдың басы,
Арыстан Баһрамның бақ намасы.
Утарид Егіздермен жайнап таңда,
Кейуан да айбат шегіп тұрды аспанда.
Кейуан қарсы Данаб құрды бұлтты
Овнаға күн де бүгін нұрлы шықты.
Осылай жұлдызнама аян берді,
Мүштари
Балық2 жайнап таяу келді.
1
Мунашшим – жұлдызнамашылар
2 Бұл жолдардағы бас әріппен жазылғандар жұлдыздар есімдері, сол заманның
ұғымынша бұл бақыт жұлдыздары.
Аспанда бақ жұлдызы туып оңнан,
Шапағат шұғыласында туды Баһрам.
Әкесі, парасатсыз Яздигер шаһ
Күйінді өткен істер ойын құрсап.
Ісінің болды бәрі зая,
сәтсіз,
Зорлықтан туар сұмдық сен,–
ол шәксіз.
Бұрын да патшаның көп ұлы болды,
Тек қана Баһрам қалды, өзгесі өлді.
Сондықтан ақыл берді сәуегей де,
Өсір деп Баһрамды алыс жерде.
Арабтың елінде ол тәлім алсын,
Ерлікке арын баулып дайындалсын.
Бақытты болар деді сонда мүмкін,
Дос табар Арабстан,
білім жұртын.
Кәдімгі берік әдет жолын бұрды,
Жат бақта болды өсірмек ұшбу гүлді.
Өз ұлын ұнатпаған
күншіл патша,
Жіберді жеткіншегін бөтен жаққа.
Ол үшін Иеменге тақ болды қоймақ,
Болсын деп Аджамдағы даудан аулақ.
Иеменге елші салды патша Нұғман,
Әке бол, ер жетсін деп
мынау ұғлан.
Аяда өссін,–
деді – Байрам ұлым,
Бағыңда шешек атсын жайнап гүлім.
Патшалық парасатқа болсын терең
Үйренсін ел билеуді,– деді сенен...
Нұғманның өзі келіп ұлды әкетті,
Балғын ай жат аяны мекен етті.
Бұлақты теңіз болар кейін тасып,
Сақтады жанарындай жаны ашып.
Мінекей төрт жыл өтті,
өсті өрен,
Киіктей сергек, әсем кейпі ерен.
Мунзирға, баласына – айтты Нұғман –
Өсуге жағдай керек өзге бұған.
Біздің жақ аңызақ қой
күн қуырған,
Бұл бала терістіктен нәзік туған.
Бұған бір табу керек құздан пана,
Саялап самал тауды
өссін бала.
Сол желі Солтүстіктің аймаласын,
Рахаттан өзгені бір ойламасын.
Сол құзда қырандай боп
қанат қақсын,
Шындалсын қияғына қуат тапсын.
Арайын падишаның кір шалмасын,
Шөліміз шаңын бүркіп,
дақ салмасын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter