Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  119


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың

Сиқыр бұлак, көз жауқарын аласың,
Қайдан шықтың, қайда лағып барасың?
Сар даланың саурын тіліп таспадай,
Табиғатқа тұрсың беріп жарасым.
Тау суының тыңдап күйін сылқылдақ,
Орнаттың ба жағаңа саз былқьілдақ?
Бір ғасырда бір-ақ туар дарындай,
Жапан түзден шықтың ба әлде бұрқылдап?
Шалқырсың ба қиыр асып, көл болып,
Кетерсің бе сіңіп құмға шөл болып;
Қауын-қарбыз сабағында шымырлап,
Жатарсың ба көгендеулі төл болып?
Жырың – ағын, жұмбақ жаһан – тұрағың,
Ессе самал, сыбдырлар тек құрағың.
Сылқылдаған күлкің жайлы құлаққа,
Қайсы өзеннің сіңлісі едің, шырағым?!


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу