Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
130
ЖАДЫРАЙМЫН
Жадыраймын жарқын күндей жазда мен,
Жастық шағым жайнап бір сәт келгендей.
Ағындайды жүрегімде назды өлең,
Бар сұлулық құшағыма енгендей.
Жас қайыңның желеңдеуін мәз көрем,
Сонау кезде сылаңдаған жеңгемдей.
Жасыл қырға қарап құмар көзбенен,
Қуанамын қызғалдағын тергендей.
Қырым бар ма жазда еркін кезбеген?
Көңілім өсті кербестімен желгендей.
Ақын ба сол жаз әуенін сезбеген?
Қызғанба сен, сүйші жазды дәл мендей!
Көп болса да жаз дидарын көргенім
Келем жырда жеткізе алмай өрнегін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter