Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  167


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖАЗБАЙ НЕГЕ

Жазбай неге жаным сүйген өлеңді, –
Бейуақытта ойлап нені сарылдым?
Қарғыстадым сонау қырсық әлемді,
Даусын естіп зорлық пенен зәбірдің.
Қанжарым жоқ, қаламым тек кезенді,
Желкесіне жауыз бенен жебірдің.
Үн қосуға мұң-зарына әзелгі,
Ащы даусын жаңғыртуға негрдің.
 Жалын атып шоқ еріндер кезерді,
Өршіп ыза дауылындай дәуірдің.
Мойыл қолдар темірлермен тежелді,
Күс кеудеде күңіренді ауыр мұң.
Берілерсің қайтып тыныш өлеңге?
Алаңдамай аласапыран әлемге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу