Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
110
КӨРЕРМІЗ
«Бақ-бақ еткен текені,
Қар басқанда көрерміз», –
Кімнің демеу екенін,
Тауды асқанда көрерміз.
Төрешінің ақтығын,
Бәйгі аларда көрерміз.
Туыстардың шаттығын,
Той боларда көрерміз.
Көп мақтаған достарды
Қызу шақта көрерміз.
Жарқырайтын аспанды
Жығылсақ та көрерміз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter