Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
153
КӨЛ ҚЫЗЫҚТЫ
Көл қызықты, – жайқалса
Жағасында жас құрақ.
Қайың сұлу – шайқалса
Бұтасында жапырақ.
Тамаша ғой ну орман,
Сайраса наз бұлбұлы.
Құба талды бұралған
Аймаласа гүл нұры.
Бәйтеректен не пайда,
Нәрсіз болса түбірі,
Ер де солып қалмай ма,
Ез боп өтсе ғұмыры...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter