Өлеңдер ✍️

  15.04.2022
  156


Автор: Қалижан Бекхожин

ТАРЛАН ШАПҚАН ЖОЛМЕНЕН

Тарлан шапқан жолменен,
Жортар кейде құнан да, –
Жар кездесер көлденең,
Аспай жатып қуанба!
Сұңқар ұшқан қиядан,
Самғар кейде кептер де, –
Шыңдалмасаң ұядан,
Өжеттікті еп көрме!
Жарау тұлпар майданда,
Сан жүйріктен айбынды, –
От басында айналма,
Алыстан тап бәйгіңді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу