Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
161
ЖАҚСЫ БОЛСА СҮЙГЕНІҢ
Көрсең мейлі, күйінбе,
Тұрмыстың көп күйбеңін, –
Жадыратса үйінде,
Жақсы болса сүйгенің.
Мейлі, безіп досың да,
Өсекке де күйгенің.
Сырыңды тек қасыңда,
Ұқса болды сүйгенің.
Мейлі, тайып бағың да,
Бітсе мүлкің үйдегің.
Сондай сәтсіз шағыңда,
Сүйеу болса сүйгенің.
Мейлі жұрттан асқан бол,
Арсыз болса сүйгенің, –
Арылмай сол басқан сор,
Жаныңа дерт үйгенің.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter