Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
116
ҚҰМАРМЫН
Құмарым бар кеудемде,
Сірә, неге құмарсың?
Түссем солай тергеуге,
Айтайын, сен ұғарсың...
Шағымым жоқ шарапқа,
Шалқыған да шығармын.
Бірақ сондай сағатта,
Достан жылы сыр алдым.
Жоқ ғашықтық іңкәрім,
Парызын да ақтадым.
Сарқытын сол ынтаның,
Жырыма тек сақтадым.
Қызыққа зар емеспін,
Тапсам достың ұғарын, –
Келер адал кеңескім,
Тарқар сонда құмарым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter