Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
180

Ұшан ой, ұшқыр қиял, албырт сезім
Ұшан ой, ұшқыр қиял, албырт сезім,
Шарықтап, шалқып келіп қонар жері –
Тұғыры махаббаттың – армен телі,
Өр жанды пендесімін соның өзім.
Ал, бірақ, махаббат, ар – ыстық жарым –
Екеуі бас иеді Отан десе.
Бесігім – туған елім, міне, ендеше,
Садаға сенен тәнім, жаным, арым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter