Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.04.2022
266
Әнші қыз
Махаббаттың нұрындай –
Саумал көлден салған ән,
Жол-жөнекей бұрылмай,
Шарықтап жетер шалғайдан.
Машықты, өктем, ен дұрыс
Үдете түсед екпінін.
Ләззат пен сезім тел қабыс,
Тапты ма әлде тек бүгін.
Тебірентед, қиял теңізін
Мәуелі ләззат – мұңсыз ән.
Қайталап тағы тек өзің
Салшы сәулем, салшы жан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter