Эсселер ✍️

  13.04.2022
  130


СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҰМЫС

Кокина Нұргүл Төлегенқызы


Психолог мамандығы өте маңызды да, қиын мамандық. Осы мамандықты меңгеру үшін әрбір педагогтың  ең бірінші жүрек қалауы керек.


Егер психолог шын ықыласымен істемесе, жұмысына немқұрайлы қараса онда жүргізілген жұмыс -босқа уақыт өткізу дер едім.


Мен өзі психолог мамандығын бастағалы көптеген қиындықтар, көптеген түсініспеушіліктер болды.Қаншама жұмысым нәтижесіз болып,  жылаған күндерімде болды. Бірақ шыдамдылығымның арқасында осы мамандықты жолға тастап кетпей ,өмір бойына психолог болуыма ,осы өмірге келіп, әлі оңды солың таба алмай жүрген жасөспірімдеріміздің тағдырлары себеп болды. Себебі: қазіргі заман талабы білімді азамат болып өсу .Оқушылар оқуда-оқу болған күндері қиындықсыз өтпейді.Шаршайды , жалығады .Осы уақыттарда психолог олардың шаршағандарын басып, уақыттарын тиімді қылуға ат салысса, күйзеліс, дағдарысты бала бойынан көрмейміз деп ойлаймын.


Мен жасөспірімдермен жүргізіп жүрген жүмыстарымның ішіндегі ең маңыздысы ол жылына бір рет өткзілетін  психологиялық апталығым.


Апталықтың басты мақсаты оқушылар бойындағы психикалық,физикалық денсаулығын нығайту.


Апталықта көптеген тренингтер ,флеш мобтар өткізіледі. Бұл балалардың ішкі энергиясын шығаруға көп мүмкіндік береді.


Жасөспірімдермен суицидтің алдын-алу жұмысын бірінші орынға қоямын. Себебі  бұл адам өмірі. Дәрігерлер адамның тәнін емдеп жанын алып қалса, біз адамның жанын емдеп , жанын алып қалатын жандармыз.  Мен оқушыларыма мынандай кеңес беремін:


 


 


 


 


Өмір деген күрес, жығылған сайын, намысын оянып, жеңуге тырыс. Құлаған сайын, тұруға тырыс. Таяқ жеген сайын ширыға түс .


Өмірде көптеген жағдайлар болады. Ақ пен Қара. Жақсылық пен жамандық.Қуаныш пен қайғы .  Күн менен түн. Алмасып келе береді.Сол сияқты жан дүниемізде де болады.   Жанымыз құлазып, өмірдің мәні кетіп, ешкімге керек емеспін дейтін ойлар болады.   Жанымызда осындай түнеріп


түн болса , жанымыз жадырап күн шығатытынын ешқашан ұмытпа !


Осындай кеңестерім арқылы оқушыларға жанына рух беріп,күнделікті қиындықтардың уақытша екенін жиі естеріне салып отырамын.


Жасөспірім ол біздің ертеңіміз.


Ертеңгі күніміз ашық болу үшін , бүгінімізді ойлауымыз керек деп ойлаймын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу