Эсселер ✍️

  13.04.2022
  130


Тарих сабағында оқушылардың іздену ынтасын арттыру

Еліміздің болашағы көркейіп , өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінігі ұрпақтың біліктілік, іскерлік қабілеттеріне тікелей тәуелді.Ал оқушыға жүйелі білім беру , ынта- ықыласын арттыру, қабілет- қасиеттін дамыту мұғалімнің қолында. Мұғалімнің беделін көтеретін – білім болып табылады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы- бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады»- деп атап көрсетті.Баланың өзіне деген сенімін туғызу өзінен шығармашылық қасиет-қабілет іздете білу, өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты қиын екендігін түсіндіру. Баланы оқытып, тәрбиелеумен айналасатын барша педагог қауымының басты міндеті – әрбір оқушының ынтасын ойлау қабілетін ашуға жағдай жасау, жеке тұлғаны қалыптастыру. Ал оқушы жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп іс-әркетінің мақсатын , міндетін,түрін, тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімдерін өмірде қолдана алатындай жағдайға жетуі тиіс. Ол үшін әрбір шәкірт төмендегідей психологиялық талаптарға ұмтылуы керек.Тарих зерде халықтың оң тәжірибесін жинақтауға түйіндеуге жағдай жасайды. Оқушылардың ынтасын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өткізу керек.Дәстүрден тыс тәжірибеліде  басшылыққа аламын. Мысалы : жарыс , ойын, диспут, сот сабақтарын үнемі өткізіп отырамын.


Дарындылық дегеніміз адамзат баласының ерекше ойлау, талдау, есте сақтау қабілеті бар, шығармашылық пен табысты жұмыс ітейтін еңбекқор оқушыларда кездесетін қасиет. Оқушылардың іздену жұмысының түрлері.


1.Оқушыларға іздену арқылы тест құра білдірту.


2 .Тақырып бойынша модель құруға үйрету.



  1. Тірек конспектімен жұмыс.

  2. Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі.


Оқушыларды Отанды сүюге , адалдыққа, ізгілікке, инабаттылыққа, салт-дәстүрді құрметтеуге үйретіп баулу жаңашыл мұғалімнің абыройлы парызы жаңа ғасыр жарқын бетін ашты. Бұл –біздің ғасыр. Алғыр ұрпақтың тұйықтықтан ашылып, бұлқына қимылдар бабалар рухымен , батылданар, дарқан даласының иесі екенін сезініп тәкаппарланар, айқындалып алға басар кезі бұл. Ұрпағымыздың ойы ғарышқа самғап, ақыл-білімі жеті –қабат жер астындағы төл байлығын игеруге жетіп артылып, дарқан даласын нұрға бөлеп, жырға бөлеп тәмам әлем сүйінгендей келбетке келтірер тұсы бұл. Бұл сондай ғасыр. Бұл ғасырда алғыр қимыл, ақылды ой, адал ниет қана қажет.Әрбір оқушы өз елінің тарихын тарихи тұлғалардың өмір-баяндарын өнегелі істерін біліп өсуге тиіс.Шәкірттер  санасында менің елімнің тарихы және менің тарихым деген түсінік орнығатындай материалдарды еліміздің өткен тарихынан да көптеп табуға болады. Жас ұрпаққа біздің ұлттың дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыздың жалпыадамзат құндылықтарымен ұштасып жатқанын аңғартудың мәні зор. Қазіргі кезде қоғамызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілетін, терең де аша білу,ынтасын ояту болып табылады. Мысалы семинар сабағы кезінде алған білімдерін пысықтау формасы ғана емес, ол сондай-ақ оқушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алудың ең алғашқы дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұнды түрде одан ары шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды.Сабақ өткізу барысында мұғалімнің сөйлеу білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тыңдаушының көзқарасын , білімін мен мағлұматын , талдай жасай алу деңгейін байқауға, тыңдаушы өз бетінше дайындық сағаттарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қисындылығына көз жеткізуге , осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіндік береді.Кеңейтілген әңгіме – семинар сабағының ең кең тараған формаларының бірі деп қарауға болады. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрде және қосымша әдебиеттер арқылы оқушылардың сабақтың жоспарындағы әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайындығын талап етеді, оқушы өз тобының алдында жауап беруі және олардың мәселелеріне жан- жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерінің көзқкарастарының қорғай алуы т.б қол жеткізді. Семинар сабағы осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселесі талқылауда оқушылардың көпшілігі сабаққа толық қатысуға мүмкіндік алады. Оқушылардың белсенділігі арттып , ынтасы жоғарлайды. Семинар сабағында сөйлеген әрбір бала бүкіл топқа алдын –ала дайындалып , негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз қатарластарына күшті мен әлсіз жақтарына тыңдаушылардың назарын аудару, дер кезінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер кезінде енгізіп отыру, оқу үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге оқушылардың көңіл бөліп отыруы, оқушылар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уақытында ескеріп, оны көтермелеп отыру және т.б. жатады.


Сабақты өткізер алдында алдын-ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл үшін сабақтың тақырыбы , жоспары, қарастырылған негізі талас тудыруы мүмкін сұрақтар,әдебиеттер тізімі алдын ала беріледі.


 


Батиева Мадина Амирханова


Тарих және құқық пәнінің мұғалімі


Ақтөбе облысы


Мұғалжар ауданы


«Қайыңды ЖББОМ »   КММ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу