Эсселер ✍️

  13.04.2022
  144


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету

Бастауыш сынып мұғалімі:Бимагамбетова Светлана Бейсенбековна. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Алғабас ауылы.
Қай заманда болмасын мектептегі басты мәселе білім берудің сапасын арттыру.Қазіргі уақытта мектептің әр күні көптеген ғылыми тәжірибелерге толы,әлеуметтің өзгерістерге толы.Дәстүрлі сабақта мұғалім басты роль атқарса,қазір оқушылар белсенділік танытуда. Сабақ мұғалімнің емес,оқушының іс-әрекетімен бағалануы керек деп ойлаймын.Қазіргі таңда нені оқыту емес,қалай оқыту керек мәселені ойға алу керек сияқты.Сабақ үдерісінде оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,сабаққа деген қызығушылықтарын ,ынталарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар көп. Соның ішінен «сын тұрғысынан ойлау» технологиясын алуға болады.Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе ,толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады,онымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болады.Сын тұрғысынан ойлау көбіне бір нәрсені елестетеуге ,баламалы шешімдерді қабылдауға ,ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді.(МАН 45 бет) Сын тұрғысынан ойлау үшін ,алдымен тиісті ақпарат жинау керек,сонан соң дәлелдерді сын тұрғысынан талдап,бағалау керек,кепілді шешім айтып,жинақтап қорытындылау керек.Және соңында тәжірибе жасау арқылы болжамдар мен ұсыныстарды қайта қарау керек.Сын тұрғысынан ойлау –оқу мен жазуды дамытатын технология. Оқушы мен мұғалім ,оқушы мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлеседі,пікір таластырады,бір-бірінің ойын тыңдайды,құрметтейді,өзекті мәселені шешу жолдарын бірге іздейді,қиындықты бірге жеңеді.Оқушы өзі ізденіп ,ойланып ,өз ойларын дәләлдесе ,мұғалім ұйымдастырып,әрекетке бағыттап отырады.Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бірнеше ғалымдар зерттеген екен.Бірақ көбіне Ж.Пиаже мен А.С.Выготскийдің теорияларына жүгінер едім.Олардың теориясының негізгі мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға ,саналы шешім қабылдауға күнделікті сабақтарда үйрету. Бұл технологияның басты мақсаты –дамыта оқыту негізінде «сын тұрғысынан ойлау» арқылы оқу мен жазуды дамыту бағдарламасын іске асыру. Жаңа технология ретінде ең тиімді әдістерді дер кезінде игеру ,іздену арқылы бала бойына дарыту,одан өнімді нәтиже шығара білу-әр мұғалімнің басты міндеті деп ойлаймын.Әр оқушы жас кезінен еркін ойлауға ,болашақтағы іс-ірекетін жоспарлап,оны аяғына дейін жеткізуге, кедергілерді жеңе білуге бейімделгені жөн.Сондықтан да әр сабақты оқушылардың әр мәселеге сыни көзқарасын қалыптастыратындай , ашық, еркін сөйлеуге баулитындай етіп жоспарлаған дұрыс.Сабақ үдерісінде ең басты тұлға-оқушы.Бұрынғы дәстрлі сабаққа әбден қалыптасып қалған мұғалімге өзінің көзқарасын ,ұстанымын өзгерту ,әрине оңай емес.Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау.Сынптағы қатынасты зерттеуді көздеген еңбектер белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері –зерттеушілік әңгіме,дәйек пен диалог-мұғалімдер мен оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-іректке тартуымен қатар,жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерін өрістетіп,зияткерлік қырларының дамуына ықпалын тигізетінін көрсетті . Александер (2001,2008) Диалогтік оқыту теориясына сәйкес,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ ,ол диалектикалық және диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі моделіне күмәнмен қарайды.(МАН 46 бет)Оқушыларды пікірталастыруға және диалогке түсуге тарту белсенді болса, олардың білім алуының тиімді және зияткерлік жетістіктерге жетуі жоғары деңгейде өтер еді.Қазіргі заманда оқушыларды өмір сүруге деген қажетті дағдылармен және қасиеттермен қамтамасыз ету.Осы қасиеттерді бойына сіңіру –ұстаздар ,яғни біздер үшін үлкен күш болып табылады.Александер білімді игерудің бес үлгісін анықтаған. Айта кетер болсақ: — механикалық есте сақтау(жаттанды) -декламация(тестілеу үшін дайындалған сұрақтарды пайдалану,бұрынғы білімдерін білімдерін еске түсіру үшін ынталандыру ,т.б.) -нұсқаулық\баяндау.(оқушыға не істеу керектігін түсіндіру ,ақпаратты жеткізу, т.б.) -талқылау(ақпараттарды бөлісу,тарату,мәселені шешу жолында ой бөлісу) -диалог. Біз білетіндей Мерсер сыныпта диалогтың ,яғни дәйектеудің 3 түрін анықтаған.Оны біз білеміз. 1)Әңгіме –дебат . 2)кумулятивтік әңгіме 3)зерттеушілік әңгіме .Оларға тоқтала кетейін. Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға ,жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс ой емес. Кішкентай балалардың да бұл процесті дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып ,белгілі бір жетістіктерге жетері анық.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шарттарды орындау керек. –Ең алдымен сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек. –Оқушыларға ойлануға ,ойын ашық айтуға мүмкіндік беру керек. –Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау керек. –Оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау керек. -Қолайсыз жағдайға түссе оны мазақтамау керек. –Оқушылардың бір-біріне жасаған сынының дәлелін талап ету керек. –Сын тұрғысынан ойлауды бағалау керек.Сонда олар : «мен осы мәселе туралы не ойлаймын ? Осы жаңа іздеп тапқан ақпаратым бұрынғыма сәйкес пе?Осы ақпаратты үйрене отырып,мен бірдеңе жасай аламын ба?Бұл ақпараттар ,жаңа идеялар маған қаншалықты әсер етті?»деген сұрақтар айналасында ойланатын болады? Қорыта келе айтарым,сын тұрғысынан ойлай алу,оқушыларды ізденімпаздыққа баулиды.Баланың терең де ,еркін ойлауына ,үздіксіз жұмыс істеуіне жол ашады.Оқушының ізденісі жемісті болады. Дәстүрлі білім алып жүрген оқушымен салыстырғанда сын тұрғысынан ойлай алатын оқушының білім алу нәтижесі жоғары болады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу