Өлеңдер ✍️

  13.04.2022
  371


Автор: Бағлан Ерғали

Ескі ізді басады жаңа іздер

Сараңсың дер, ал бірі береген дер, 


Ту сыртымнан сөйлейді көрегендер. 


Ар—ұжданды жанынан қымбат көрген, 


Мін іздемес пендеден Ерен ерлер!. 


 


Адал дейді ісімді, арам дейді, 


Бола берсін көңілдер алаң мейлі. 


Маңдай терді тепшітіп тапқан асты, 


Сендер емес, өз қызым, балам жейді. 


 


Арлы десін ел мені, арсыз десін, 


Ары жоқтар қозғайды арды несін? 


Бірін—бірі аңдыған өңкей тыңшы, 


Өсек тасып ел—жұрттың алды есін. 


 


Жұмсақ десін мінезді, қатты десін, 


Сынайтындар алдыма сап түзесін. 


Таспен басын жарғам жоқ ешкімнің де, 


Қарғыс айтсын, болмаса бақ тілесін. 


 


Саналы дер, кейбірі санаыз дер, 


Жабасыздар адамға жала сіздер. 


Жер бетінде пенде жоқ мәңгі қалар,


Ескі ізді басады жаңа іздер. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу