12.04.2022
  136


Автор: Қалижан Бекхожин

БУЫРҚАНҒАН ХАЛЫҚТЫҢ ДАУЫЛПАЗЫ

Махамбет есімі аталғанда – менің құлағыма ексімдеп соққаннөсердің немесе буырқаныпаққансел тасқынның құдіреттідүбіріестілгендейтербелеқаламын.Жасымнан өлең құмар мен, бұл ереуілді ақынның өрен жырларын ертеректен жаттап өссем керек. Ташкент шаһарында 1927 жылы кітап болып шыққан Махамбет ақынның жырларын мен сонау Ертіс жағасында жүріп құмарта оқыған едім. Кемеңгер ақынның дауылды жырларына деген сол іңкәрліктен туса керек, 1937 жылы, сентябрь айында «Казахстанская правда» газетінің бетінде менің «Поэзия Махамбета» атты мақалам жарияланды. Студент шағымда жазған осы мақаламда Махамбетті ағылшынның ұлы ақыны Джордж Байронға теңеппін. Мүмкін ерсі де көрінген шығар, расында сонау батыстағы өскелең мәдениеттің, зиялы ортаның тумасы лорд Байронмен, күңгірт түкпірде, дүрбелең шақта қайрат шеккен қазақ ақынында қандай ұқсастық болмақшы? Менің айтпағым – поэзиялық ұқсастық жайында емес еді, өр кеуде, ереуілшіл екі ақынның азаткерлік мұратының биіктігі, қайсарлығы хақында


 


еді. Жас Байрон, өзі лордтар әулетінен шықса да, лордтар палатасында станоктағы жұмысшылардың ауыр бейнетін, тұрмыс халін мүсіркеп, қанаушыларға қарсы ереуілді ызалы сөз сөйлейді. Сондай саяси қыңыр пікірлері мен жырлары үшін қуғын көріп Грецияға келген өр ақын, гректердің түріктерге қарсы жүргізген азаттық майданына қатысып, ерлікпен қаза  табады. Өр, данышпан ақындар дүниеде аз емес, ал әлемнің екі бетінде бір заманда дәуір кешкен бұл екі ақынның тағдыры, асқақ өршілдігі мені әрқашан ерекше тебіренткен еді.


Махамбеттің керемет дарыны мен ереуілді ерлігін айырып айту қиын. Қалам мен найза – ақын Махамбет пен батыр Махамбеттің қос қаруы. Халқымыздың тарихында хан-төрелерге қарсы батыл сөз сөйлеген, хандарды мінеп, шенеген ақын-жыраулар баршылық. Тоқтамыс ханды мінеген Сыпыра жырау, Жәнібек ханды сынап-шенеген Асан қайғы, Абылай ханды орайлы кезде зекіп-тежеген Бұхар жырау – бұлардың жыр-толғаулары қанша мәнді болса да тап Махамбеттің ханға, сұлтанға айтқан қарсы жыр сөздеріндей өткір емес, ереуілді емес, хан, төрелер алдында тайсалмай нөсер сөзін нажағайдай, семсердей жарқылдатқан ақынның батылдығына да, тапқырлығына да қайран қаласың!


Өткен ғасырдағы қазақ поэзиясында саяси- әлеуметтік мұрат-бағыты жағынан Махамбет – өзімен тұстас ұлылы-кішілі ақындардан ерекше биік қияда тұратын шын мағынасында, кемеңгер халық ақыны. Азаткер ақын өзінің бір толғауында: «Аттанып едім көп үшін, дұшпанға кеткен сол көптің, ежелден бергі кегі үшін» – деп өзінің әлеуметтік мақсатын айқын ескертсе, ал патшаның отарлау торының тұтқасын ұстаушы, сол көпке – халыққа қысым көрсетуші Баймағамбет сұлтанға, халық батыры Исатай мен өзі бастаған көтеріліс қаһарлы күшпен басылып қалса да,


 


хан-төреге қас, зығырданы қайнаған қайсар ақын өз мақсатын батыл түйіндейді:


 


Мен – мен едім, мен едім! Мен Нарында жүргенде, Еңіреген ер едім, Исатайдың барында


Екі тарлан бөрі едім... Өздеріңдей хандардың Қарны жуан билердің, Атандай даусын ақыртып,


Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім!


 


Исатай – Махамбет көтерілісінің бағыты – қара бұқара мүддесінен, халықтың әлеуметтік, ахуалдық ауыр күйінен туған халықтық қозғалыс екенін Махамбет жырларынан терең де тебірене сезінеміз. Исатай ереуілі ең алдымен қалың бұқара халықты езіп ұстаушы, отаршыл патша өкіметінің қарғылы тазысы



  • хан-төреге қарсы өршіген болса, Махамбет жыры да соларға мірдің оғындай атылады, аты шулы Жәңгір ханды жауынгер ақын найзадай өткір сөзімен өлтіре түйрейді.

 


Ханның кірген ақ орда, Бұзуын ойлап кеңестік. Аламанға жел бердік.


Қайран өр ақын көтерілісі жеңіліс тапқан күйінішті шақта:


 


Сол сықылды қайраттан, Ойласаңдар не көрдік? –


 


деп күңіренеді...


 


Азаттық, халықтық ереуілдің ер көсемі Исатай болса, сол көтерілістің ерлік күресіне дем беруші, жауынгер үгітшісі – Махамбет болды. Бірақ сонша өр кеуде, жалынымен бұлт шалған дауылпаз ақын, өзінің батыр досының алдында «Исатай басшы, мен қосшы» деп бас иеді.


Қазақ өлең жырларында ХVІІІ-ғасырда,   тіпті одан бұрынырақта да ханды, батырды мадақтайтын талай өлең барын білеміз. Алайда, бұрынғы қазақ поэзиясында, батырлар жырын қоспағанда, халықтың ардагер, азаткер ер ұлы жайында Махамбеттен артық толғанған кемде-кем. Махамбет жырларында халықтың мұң-қасіреті, арман арпалысымен қатар басты тұлға болып Исатай бейнесі   жырланған.   «Тайманның ұлы Исатай, ағайынның басы еді» – деп халыққа көтерілістің көсемі Исатайды мақтанышпен мадақ еткен ақын, жауға, ханға қарсы қан майданда Исатай қаза тапқанда, асыл қамқорынан, серкесінен айрылған, жетім қалған жұртын аяп, теңіздей тебірене, күңірене жыр төгеді:


 


Мұнар да, мұнар, мұнар күн! Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн. Бура атанға шөккен күн.


Бұлықсып жүрген ерлерден, Бұрынғы бақыт тайған күн... Түс қыла гөр құдайым, Біздің ер Исатай өлген күн. Он сан байтақ бүлген күн...


 


Заманындағы азаттықты көксеген күйінішті, ереуілді халықтың көсемін жалынды жанымен сүйген албырт ақын Исатайды қазақ көкейіндегі ең абзал, сүйікті тұлғаларымен бейнелейді. «Таудан мұнартып ұшқан тарланым», «Құландай ащы дауыстым»,


 


«Теңіздей терең ақылдым», «Жұртына құрбан болсам деп, адырнасын ала өгіздей мөңіреткен» деп тебірене келе:


 


Арыстан еді-ау, Исатай! Бұл фәнидің жүзінде Арыстан одан кім өткен? –


 


деп күңіренеді сабаз ақын. Қазақтың ата жырларында жан елжірететін талай жоқтаулары бар шығар, бірақ ұлы ардагердің жоқтаған мұндай тебіреністі мен білмеймін, бұл негізінде жоқтау емес, халықтың қадірлісін ардақтаған кемеңгер ақынның бұл азалы да ызалы тебіренісі, ел-жұртын ереуілге қайта шақырған дауылпаздың буырқанған ұраны.


Тегінде, Махамбетке ерлік пен ақындық тумысынан қоса дарыған секілді. Махамбет заман ахуалын өзінше түсінген парасатты да, білікті де, оқыған да кісі болған. Абай мен Шоқандай Европа, орыс ғылымы, әдебиетін терең барламаса да, тарихи деректерге қарағанда, патша ұлықтарына қаны қас болса да, орыс халқының ізгі өнегесіне ынта қойғандығы байқалады.


Махамбет жырларының ең отты нөсерлі өзегі – ереуілді дабылдар халықтың патша отаршыларына, хан өктемдігіне қарсы буырқанған ереуілдің қолбасшысы Исатай болса, бізше айтқанда соның саяси комиссары, үгітшісі Махамбет болғаны даусыз. Қару-жарағы әлсіз, бірлігі шала шаруалардан топтасқан, саяқтың үйіріндей ереуіл жасақты Исатайға басқару да қиынға түссе керек. Бүкіл патшалықтың орасан озбыр күшіне сүйенген отарлаушы әскері мен хан тобырынан тойтарыс тапқан ереуілшіл жасақтың күйзелісі, қажыған, жасыған шақтары болуы да шәксіз. Сондай бір жабырқаған кездерде сарбаздарына дауылпаз ақын жалынды сөзімен жігер, қайрат береді:


 


Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз.


Күлісті-сынды күреңді, Күдірейтіп күнде байлармыз. Қамалаған көп дұшпан


Әлі де болса, қойдай қылып айдармыз, Жолдастарым мұңайма!


 


Реті келген соң айта кетелік, «жолдас» деген сөз революциядан кейін жаңғырды деп жүрсек, бұл сөз



  • бұқарашыл ақынның аузынан бұрынырақ шыққан екен-ау.

Махамбет – күрестің, ереуілдің өрен жауынгер ақыны. Отан соғысы жылдарында мен Армияда саяси- үгіт қызметін атқардым. Есімде, майданға жөнелетін жауынгерлер алдында, өз өлеңімді қоя тұрып, Махамбеттің ереуілді өлеңдерін тебірене оқығаным:


 


Ереуіл атқа ер салмай Егеулі найза қолға алмай, Еңку-еңку жер шалмай... Алты малта ас болмай, Өзіңнен туған жас бала, Сақалы шығып жат болмай, Ашаршылық шөл көрмей Арып-ашып жол көрмей Темірқазық жастанбай,


Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?!


 


Өр Махамбеттің мұндай дауылпаз жырларын өзім шығарғандай долдана оқығанымда – жауынгерлердің көздерінде ерлік шоғы жалындағаны да есімде...


Теңдесі жоқ бұл өр кеуде ақын, басына нажағай шартылдап тұрғанда да қылышынан қан тамған хан- төреден жасқанбаған. Қайсар ақынның Баймағамбет


 


сұлтанға қадап айтқан толғауын тебіреніссіз оқу қиын. Бұл толғамды тәкаппар ақын Исатай көтерілісі басылып, өзі қуғын сүрген кезде, ұсталып, айдалып келген шақта айтады-ау, патша әкімі Баймағамбет сұлтанға:


 


Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр, Бойың жетпес биікпін – Бұлтқа жетпей шарт сынбан,


Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын, Көр қылар деп, тақсыр-ау,


Аяғыңа бас ұрман! Бәйеке сұлтан, ақсүйек,


Қыларың болса, қылып қал, - Күндердің күні болғанда, Баскесермін жасырман!


 


Мұндай өр сөзді тек қана өз ұранына берілген, қайраты өрен, дарыны ұлы ақын ғана айта алады. Ата- бабалар ақынды «От ауызды, орақ тілді» деп көтере бағалаған. Ал біз ше? Мен Махамбеттің хан-төреге нажағайдай шартылдаған отты өлеңдерін оқығанда, өз- өзімнен қысылам, сондықтан:


 


Ақындардың


Тілі емес пе жарағы? Сен төзбес едің мазаққа,


Жаныңа сақтап жараны. Сен, қасарысқанға Қайыспайтын емен ең, Қырыңа қарсы түскенге,


Қадалар еді сенің – тіл селебең Сен бейне


Мұзбалақты қыран ең. Қанатымен тас жарып,


 


Ажалын күткен қиядан Ал мен,


Жасықтардан жасқанып, Тоғышардан сескенгеніме, – Сенің аруағыңнан ұялам!


 


деп толғаған едім Махамбет қабірінің басында.


Дауылпаз ақын Махамбеттің өлең-жырларынан тек ереуілді үндер ғана емес, ойлы толғамдар мен сыршыл, назды саздар да еседі. Шерлі ақын табиғатпен, аңмен, құспен мұңдаса тербелген.


 


Ау қызғыш құс, қызғыш құс, Көл қорыған сен едің –


Сен де айрылдың көліңнен. Ел қорыған мен едім –


Мен де айрылдым елімнен. Аспанда ұшқан қызғыш құс! Сені көлден айырған – Лашын құстың екпіні.


Мені елімнен айырған Хан Жәңгірдің екпіні. Айтып-айтпай немене? Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні!


 


Қазіргі біздің жас ақындарға, тіпті сақалды біздерге де дарыны дария Махамбеттен үлгі, өнеге тұтарлық жайттер мол. Махамбет – қазақтың кереметті ақындық дарыны бойына терең сіңірген, таңғажайып батырлар жырларының көркемдік қасиетін зердесіне шебер тоқыған кемеңгер ақын. Отты сөздері гауһардай жарқыраған Махамбет жырлары қазақ поэзиясының асыл қазынасы болып табылады. Халқымыздың талай абзал ұлдары, ардагер азаматтары бар, солардың шоғыр жұлдыздарының тобында өр ақын Махамбеттің


 


жұлдызы ерекше мәңгі жарқырайды.


Ертеректе, сонау Индер ауданындағы Махамбет қабірінің басында сүйікті ұстазымыз туралы тебірене жырлап, сөзімді былай аяқтап едім:


 


Кемеңгерім!


Мүсінші болсам, соғар ем, Тұлғаңды алтын, асылдан Күмбезі биік салар ем, Алатаудың басынан.


Тұрсын деп, Жартастай қасқайып Қарап жасынға Селебесін суырған


Кіреукең гауһар тас киіп, Дауылды тартсын деп дулығаң. Ұстатар ем найзаны,


Найзағай ойнап ұшында, Бұлбұлдар сайрап сайдағы, Қасыңнан қыран ұшуға – Қояр ем шыңға тұлғаңды. Құйсын деп нөсер төбеңнен. Сөзіндей зілді бұршақты, Ұрпақтарым төменнен Жайсын деп саған құшақты.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу