Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.04.2022
118
ӘППАҚ СӨЗІ
Дуана ма деп қалып ем,
Елді кезіп зікір салған.
Жыршы екенсің, толғанып ең,
Тебіренді тұнған арман.
Жұмыртқамын жарылмаған,
Аққу анам ұялатқан.
Іліп келді жау боп маған,
Бір қара құс қия жақтан.
Сенің шерлі әуезіңнен,
Аянышты мұң түсіндім.
Шапағат тек бір өзіңнен,
Торға түскен мен құсыңмын.
Он алты жас өрнегім бар,
Қырдың хұрма ағашымын.
Аям кім деп төгемін зар,
Солды жаспен қарашығым.
Мен сенейін әулиедей,
Ақ сөзіңе ақын ағам.
Жар бол деші, күң бол демей,
Жалғыз пана сенсің маған.
Мейлің тіпті пері болсын,
Етегіңе жармасайын.
Бұл қапастан жырып алсаң,
Сенімен бір тауды асайын.
Өз елімде еркін өскен,
Ерке қыз ем бала сынды.
Арманым тек бір көрсетсең,
Әкем менен анашымды.
Ей, әмірім, озбыр болма,
Ырқыңа мен иілмеймін.
Босат мені, ізгі бол да,
Күң болсам да күйінбеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter