Эсселер ✍️

  10.04.2022
  267


«Ақ сиса» өлеңі

Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы күрестің айбынды ұранына айналған «Ақ сиса» өлеңі –Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз. Пікіріңізді дәйектерге сүйеніп,дәлелдеп жазыңыз.





Ұлттық әдебиет сарқылмас қазына халқымыздың асыл қазынасының бірі –әнші ақындардан қалған поэзия және тұтастығы . Қазақ музыка өнерінде аттары алтын әріппен жазылған біртуар тұлғалар Біржан сал,Ақан сері,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай ,Әсет. Солардың бірі –Мұса Байжанұлы.Оның Ақсиса өлеңі бүкіл қазаққа мәлім .Тіпті қазақ даласында «қиянатқа қарсы күрестің ұраны» деп те атайды «Бұл өлең сонда Шорман тұқымына бағытталған тоқтау сөз ба?» деген сұрақ туындайды.
Мұса Байжанұлы Омбыда оқи жүріп,жазда ауыл аралайды.Ол өзінің оқып-түйгенін әңгімелеп, домбыра,сырнай,скрипкасын кезек тартады.Ел назарын бірден Жаяу Мұсаға аударады.Мұса көп ұзамай беделді «жақсы» атанады.Бұл сол ауылдың жуаны Шорман әулетіне ұнамайды.Жуандар ішінде қыл айналмай қалады.Мұса Байжанұлы Шорман әулетімен болған шиеленістен соң «Ақ сиса» өлеңін шығарды.
Мұса: «Ақ сиса, қызыл сиса,сиса-сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса?-деп қара күш иелері жалғыз атын тартып алғанын баяндайды.
«Он екі жыл айдадың Тобыл жаққа,
Еш болмас ,бастан бағың таяр шақта»-деп Мұса Байжанұлы айдауда он екі жыл болғандығын дәлелдейді.«Ақ сиса» өлеңіне Мұса Байжанұлының замандасы Біржан сал жағымпаз Жанботаға айтып тастады.Мұса Байжанұлының ерекшелігі-өлеңді бар қазаққа түсінікті қара сөзбен ,тура мағынада жазуы.
«Параны мұнан былай тоқтат,Мұса,
Нашардың жон терісін өзің соймай,-деген өлең жолдарында басты ой жазылған-ды.Біріншіден,мұнда сол уақыттағы әлеуметтік теңсіздік айқын бейнеленген. Мұстафадай бай- феодалдар кедейлерге әлімжеттік жасайтыны жазылған. Екіншіден,өлең жолдары бұйрықты мәнде жазылған.Сондықтан,қазақ халқының әлімжеттік пен қиянатқа қарсы бағытталған ұраны.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні,Жаяу Мұса –өз заманының шындығын нақты жаза білген ақын-сазгер.Оның «Ақ сиса» өлеңі Шорман әулетіне бағытталған тоқтау сөз..






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу