Эсселер ✍️

  09.04.2022
  135


Мамандығым мақтанышым

Алматы қаласы білім басқармасы


МКҚК №113 бөбекжай-балабақшасы


ГККП ясли-сад №113


Управления образования города Алматы


 


 


 


Әдіскер: Еркинова М.К.


 


 


Адамның адамшылығы –ақыл,  ғылым, жақсы ата,  жақсы ана, жақсы  құрбы, жақсы  ұстаздан  болады.» А. Құнанбаев


«Әркім өз жолын тауып  кететіндей  бала тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер», — деген екен М.Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін, оның  білімді  тұлға  болып


қалыптасатынын, елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді. Балалар


тәрбиесіне, келе ұрпақ  тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен  мән  берілген  ғой. Өйткені  бала – біздің  болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен балабақша  міндеті.


Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты.


«Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Яғни  «Тәрбие-ананың сүтімен әкенің қанымен беріледі» деп тегін айтпаған. Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі.  Қазіргі заманда ең басты мәселе – бала тәрбиесі. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу