Эсселер ✍️

  08.04.2022
  188


Тәрбиеші – ұлы тәрбиенің тірегі

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна


 


Ақын Мағжан Жұмабаев айтқан «Мен дәрігерден гөрі, тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер ауырған жеріңді емдесе, тәрбиеші өн бойыңды емдейді» — деп өзінің құнды пікірін қалдырған екен. Ақиқатында осы бір ауыз сөздің астарында қаншама мейірім, қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Болашақтағы біздің қоғамның дамуы мен өркендеп қанат жаюы, келешектегі келбеті қазіргі уақытта тәрбиелеп жатқан жас ұрпаққа байланысты екендігі сөзсіз. Ал ол жас ұрпақтың бастауы біздің кішкентай ғана бүлдіршіндеріміз. Қазіргі қоғам талабына сай білім беру жүйесінің ерекшілігінің бірі-мектепке дейінгі тәрбиеге баса назар аударылып отыр. Сол себепті де бізге артылатын сенім мен жүк өте ауыр. Сол сенімді ақтау әрбір ұстаз бен тәрбиешінің басты  міндеті деп ұғынамын.


Оған дәлел   Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «100 мектеп,100 аурухана, 100 балабақша» бағдарламасы. Осы бағдарламаның аясында жаңадан көптеген балабақшалар ашылып, үлкен шаңырақтың іші сыңғырлаған сәбидің күлкісіне толуда. Осының өзі бір бақыт, кешегі біздің тәуелсіздігіміз үшін қасық қаны қалғанша аянбай күрескен ата-бабаларымыздың арманының орындалғаны емес пе?


Қазіргі таңда өзім Семей қаласындағы «Алтын бесік» бала бақшасында тәрбиеші қызметін атқарамын. Көз алдымда жүгіріп жүрген бүлдіршіндерімнің барлығы өзіме ыстық. Әрине мінездері ерекше бүлдіршіндерімде бар. Тобымдағы барлық баланы бірдей көріп,олармен жан-жақты жұмыс жасап отырамын. Балабақшамызда бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, балалардың қол маторикасын және ойлау қабілеттерін,тілдерін дамытуға қолымнан келгенше өз үлесімді қосамын.


 


Мағжан Жұмабаев: «Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып емес, келешек заманына лайық қылып шығаруы қажет» депті. Демек, осы астарлы ойы арқылы тәрбиені келер күн талабымен ұштасуы деген сөз. Менің  өмірдегі алға қойған  мақсатым еліміздің болашақ ұрпақтарын тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатуда  өзіндік үлесімді қосу. Осы мақсатты жүзеге асыруда алдыма біршама міндеттер қойып, талмай еңбек етуге талпынудамын. Менің ойымша тәрбиеші ең алдымен алдындағы әр- бір бүлдіршінді сүюі, олардың әрқайсысының жан дүниесіне үңіліп, рухани дамуына, баланың ішкі жан дүниесінде не болып жатқанын,ол қандай жағдайда жүргенін басты назарда ұстауымыз керек, жаңа қоғамдағы білім беру жүйесінің талаптарына сай жаңа формациядағы тәрбиеші бейнесін өз бойымызға  қалыптастыра білгеніміз абзалы. Сонымен қатар тәрбиешінің бойындағы ең жоғары адамгершілі  құндылықтар мейірімділікті, сыйластықты, махаббатты ұштастыра отырып, баланы оқытып жатқан үрдіске қызықтыра алуымыз керек. Осы тұрғыда маған жол сілтеп, шамшырақ болып жүрген аяулы да ардақты ұстаздарыма мын алғыс. Еш уақытта шаршауды білмейтін , көп еңбектеніп көп білетін сол білгендерін аянбай бізге жан – жақты,  үлкен әсерлі де сезіммен жеткізе білетін абзал жандар. Мен Ұстаздармды әр уақытта мақтан тұтамын және де маған артқан сенімін ақтауға тырысамын.. Ұстазға деген зор құрметпен алғысымды білдіремін.


«Тәрбиеші – ұлы тәрбиенің тірегі» деп айткандай …………жалықпайық, аянбай еңбек етіп , келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеп ,білім беруге өз үлесімізді косуға шақырамын.


 


Семей қаласы


ЖШС,Сад-ясли «Алтын бесік»


тәрбиешісі :Тлеубаева Махаббат Бакытбековна




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу