Эсселер ✍️
Менің мамандығым – менің мақтанышым
Мамандық таңдау-өмірдің ең қиын,әрі ең маңызды шешімдерінің бірі. Мамандық таңдау-сені үлкен өмірге жетелейтін көптеген баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық-болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.
Мен мамандығымды дұрыс таңдадым деп білемін. Себебі, өз мамандығымды сүйемін, құрметтеймін. Балаларды тәрбиелеу кез-келген адамның қолынан келе бермейді.
Бір кездері мен көп ойланатынмын, қандай маман иесі боламын деп. Өзіме бірнеше сұрақтар да қойып жүруші едім. Сол сұрақтың жауабы педагог болу саласы екен. Мен бала кезден ұстаз болуды армандайтынмын. Осы арманым мені «Ұстаз» университетіне жетеледі.
Ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.
Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.
Мені шабыттандырып ұстаздық саланы таңдаттырған осынау ұлылар мен мектепте сабақ берген ұстаздарым еді. Ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар мен ұстаздарымның алдында басымды иіп алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, ата-анамда өскелең ұрпақты тәрбиелеп келе жатырған ұстаздар қауымынан. Мен ата-анаммен мақтанамын.
Қазір мен бала тәрбиешісі мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнында біліп алып жатырмын. Алған білімімді балаларды тәрбиелеу жолында өте жоғары деңгейде көрсетемін деп сенемін. Еліміздің білімді болашағын тәрбиелеу мақсатында аянбай еңбек етемін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter