Өлеңдер ✍️
ӨТТІ ТАЛАЙ ҚИЫН ҚЫС
Өтті талай қиын қыс,
Ұзаттым мәз жаздарды.
Артта қалды қиын іс,
Бейнет енді аз қалды.
Еңістегі жайлаудан,
Жақын бізге қарлы құз.
Тартынып соны ойлаудан,
Күрсінбейтін арлымыз...
Біз асуға басқан шақ,
Тірліктің өр ырқы бар.
Кейбір кәрі қақшаңдап,
Құламада жұлқынар.
Жасқа тәтті мәз өмір,
Маған қымбат мың есе.
Шіркін тірлік жылда бір,
Мәуелердей гүлдесе!
Күзде гүлі қарайса,
Сілкінбей ме шырын бақ?
Өтіп кетті қалайша,
Жаздарым тез зымырап?
Өкінбеймін уайыммен,
Қыраулы деп басымды.
Ойлаймын тек пайыммен,
Құздан қалай асуды?
Бітер едім майданда,
Достарым көп жоғалған, -
Қалған фәни арман ба,
Артықпын ба солардан?
Төнген талай қатерден,
Қайыспай-ақ қалыппын.
Өмір ісім өтелген,
Үрейі жоқ қауіптің.
Кетті зулап нелер күн,
Өткеніме өкінбен.
Орманында өлеңнің,
Емендеймін бекінген.
Қол созбаймын жұлдызға,
Жер басқанға қуанам, -
Алжымай сол шың-құзда,
Абзал тура құлаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter