Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  146


Автор: Қалижан Бекхожин

ЖЕҢЕШЕМ

(Күләйшаға)
Жас кезіңде жақсы едің ғой, жеңешем,
Мұнша қатты бола қалдың неге сен?
Ұлғайғанда игі болар ізгілік,
Бұл жалғанда мәңгі тұрам демесең.
Жас кезіңде жайдары ең ғой, жеңешем,
Қарлы аяздай қаһарлысың неге сен?
Қайда кетті жаныңдағы жылылық,
Күлмейсің бе, өмірді бір елесең.
Жас кезіңде жүзі нұрлы жеңешем,
Мен келгенде түнересің, неге сен?
Аз ба менің жүрегімде өкпе-наз,
Жұрт алдында жайраңдайды демесең?
Әз әжемнің келінісің, жеңешем,
Сен өзіңді сол енеңе теңесең,
Жиендерің ойнақтаса төріңде,
Қартайсаң да, қатал кемпір демес ем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу