Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  105


Автор: Қалижан Бекхожин

ҚЫЗДЫ ӨЗІҢ ӘЛДИЛЕШІ!

(Қабдыкәрімге)
Мен қараймын,
Күбірлеп таяу құзға,
Сен қарайсың,
Күлімдеп Баян қызға.
Баян маған –
сұлу тау көрінеді,
Саған Баян –
сұлу қыз керіледі.
Көрдім көлден,
таудың мен көлеңкесін,
Көрдің судан –
сен қыздың жалаң төсін.
Тауды өзім жырлайын,
сен тимеші,
Қызды өзің жырлашы,
әлдилеші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу