Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  162


Автор: Абдрахман Асылбек

Өмірге онда келмеген

Шайтан көл жатыр еркелеп,
Еркелеп самал еседі.
Бір кезде осы өлкеде
Топан су болған деседі.
Топан су тынбай селдеген.
Қиялға бір сәт ерік бер:
Өмірге онда келмеген
Аманхан менен Серіктер...
(С.АҚСҰҢҚАРҰЛЫ. Жиырмасыншы ғасырдың жиырма сәті. «Жалын», 1984 ж. 37-бет)

Шайтанкөл таудың басында,
Жөңкіліп бұлттар көшеді.
Бір кезде, бауырым, осында
Топан су болған деседі.
Алапат күштен, ағайын,
Қырылып кеткен адам көп.
Болмаған онда Абайың,
Болмаған онда Махамбет.
Болмаған онда Бейімбет,
Ілияс пенен Сәкен де.
Өмірге біраз кейін кеп,
Болмаған онда әкең де.
Топан су тынбай тулаған,
Қиялға бір сәт ерік бер:
Ол кезде әлі тумаған
Аманхан менен Серіктер...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу