Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  131


Автор: Абдрахман Асылбек

Қазақ деген...

Қазақ деген мәлімсіз майда халық,
Майда халық екені айдан анық.
Өзгелердің суына сұғын салар,
Өздерінің тұнығын лайлап алып.
(Исраил САПАРБАЕВ . «Қазақ әдебиеті», № 16, 21.04.2000)
«Қазақ деген мәлімсіз майда халық,
Майда халық екені айдан анық....»
Исраил осылай өзеурейді,
Бұл деректі жүр екен қайдан алып?
«Қазақ деген мәлімсіз майда халық,
Майда халық екені айдан анық....»
Исраил осылай өзеуресе,
Жүрген шығар тілін ол шайнап алып.
Бес қаруын бабалар сайлап алып,
Анталаған жауларын жайлап анық,
Қорғап қалған кезінде байтақ жерді,
Исраил жүр екен қайда қалып?
Бибігүлдер бұлбұлдай сайрап анық,
Қазақ атын әлемге жайған анық.
Мұны білмей Исраил не деп отыр,
Ақындығын асыра пайдаланып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу