Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.04.2022
293
ИНДЕР ЖЕРІНДЕ
Индердің керемет бар кер белінде,
Бұл жердің асыл дейді кермегі де.
Білсін деп құмды қырдың қасиетін,
Жұлдыздан белгі таққан ерлеріне.
Ежелден өлең-жырға сырлы мекен,
Қалайша бұл арадан мүлгіп өтем?
Басында бейітінің күбірледім,
Сабазым, сол сырымды білді ме екен?
Ашуым баскесерге бұрқады да,
Тулады жүргенінде жыр тағы да.
Басымды иіп, міне, бердім, сәлем,
Айбынды Махамбеттің ұрпағына...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter