Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.04.2022
311
ТАҢ СӘРІДЕ СҰР БҰЛБҰЛ
Тоти такаллум айламас
Гүлстондан жүдо...
НАУАИ.
Таң сәріде
Қу бұтада сұр бұлбұл
Мұң шертеді сұңқылдап.
Маңында жоқ
Назданатын сырлы гүл,
Айналасы солған бақ.
Көктем өткен...
Қандай еді сол бір шақ.
Рахат әнін шырқап ол,
Бұлғаңдайтын
Жайып оған гүл құшақ,
Орман сүңгіп сырға мол.
Қайран бұлбұл, махаббаттың жаршысы,
Толғап еді-ау, мәз әнін...
Енді күзде безілдейді зар құсы,
Айтып орман азанын.
Сайрар еді бұрынғыша сұңғылам,
Жұпар атқан гүл қайда?
Ерке жанын тербете ме қу шыған,
Наз төге ме қурайға?
Зайдахан-ау,
Орманыма гүл екші,
Назды жырым шалқысын.
Жүрегімді жасыл бақтай түлетші,
Қанат қақсын жан құсым.
1967 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter