Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.04.2022
301
МЕН БІР СЫРШЫЛ...
Мен бір сыршыл пендемін,
Әркіммен-ақ сырласам.
Сыршыл кеудем кең менің,
Назымды тек тыңдасаң.
Сырласпасам кейимін,
Зіл басқандай кеудемді.
Сыр ақтарсам кеңимін,
Кезгендей бір кең жерді.
Сен де бір сәт тебірен,
Ағытып сыр тиегін.
Ақ көңілді еріген,
Жарқын күндей сүйемін.
Мұзды қары ерісе,
Ақша гүлмен түлер шың.
Сырым сөкет көрінсе,
Мүмкін сырттан күлерсің.
Таң қаламын кей жанға,
Қалай сырын тыяды?
Сырын кілттеп қойған ба,
Ішке қайтып сыяды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter