Өлеңдер ✍️

  07.04.2022
  1316


Автор: Қалижан Бекхожин

САЙЫН МҰРАТБЕКОВКЕ 50 ЖАС


Баршаға жылы жүзді бауырым Сайын,
Тойыңа сыйлық етіп үн қосайын,
Сен әлі жігіттейсің жайраңдаған
Қасыңда Мәрияшың күлген сайын.
Жүзіңде ізгілік бар, мейірім бар,
Баршаға кенері мен пейілің ұнар.
Ер жігіт елуінде бозбала ғой,
Әлі де жігіттейсің сейіл құмар.
 Өткенге тебіренемін оймен терең,
Жағасын Жасыбайдың айқын көрем.
Алдыңа баяғыдай алып келіп,
Бес қызын Баянтаудың билетер ем.
Жігіттік қос мүшелің болсын құтты.
Халқыңа, достарыңа бол сүйікті.
Сенеміз абзал Сайын ақтайды деп
Пейілдес жұртты күткен сол үмітті.
1986 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу