Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.04.2022
180
БІР ҚАРЫНДАСҚА
(Е. Р-ға)
Жасырғандай құпия сыр ұясын,
Үнсіз ғана жаутаңдап жымиясың.
Бүккен сырдай ұрланып күндер өтер,
Бұл шағыңда несіне бұйығасың?
Өмір – жүйрік жеткізбес, қусаң бір шақ,
Тәтті сырлар қайрылмас, жайсаң құшақ.
Күл, масайра, ән шырқа еркін қалқам,
Көңіл шіркін жасиды қойсаң тұсап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter