Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
07.04.2022
201
ҚЫРАНСЫҢ СҰРАПЫЛДА ЖАРҚЫЛДАҒАН
(Бауыржан Момышұлына)
Қырансың сұрапылда жарқылдаған,
Дауылда найзағайсың бұлтты жарған.
Қаһарман қолды бастап,
Ойрандадың
Обырды Отаныңа бүлік салған.
Сел соқса шарқ ұрмай ма сай тастары,
Алдыңа алапат жау жай тастады.
Елестер жолбарыстай сұсты түсің,
Жұлқынған қиян-кескі шайқастағы.
Бірісің аты әйгілі қолбасшының,
Ірісің мұқалмаған алмас қырың,
Батырсың – айғайынан жау үріккен,
Ақынсың – жүлделіге жолдас бүгін.
Құрыш қол қан қырғында берген қайрат,
Қаламды содан кейін шықты қайрап.
Сүйсінем шежіреңе өзің жазған,
Өмірің кітабыңда тұрсын жайнап!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter