Өлеңдер ✍️

  06.04.2022
  106


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Қоңыр жырым...

Қоңыр жырым бар еді, кешкіғұрым
мəз боп оқыр ақын ем ескі жырын –
қолға алып ем, көк аспан бетіндегі
іріп кетті қоңыр бұлт секілденіп.
Бала қазым бар еді көлде момын,
көрмегенім жақсы еді, келмегенім:
бұғып жатқан бір жауыз мылтық атты –
қоңыр қаздың мамығын бұрқыратты.
Бұдан артық жаныңа батырар кім,
сəл шыдай тұр, мен де бір қатырармын:
 Қоңыр қаздың мамығын жастық етіп,
қоңыр-қоңыр ой ойлап жатып алдым...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу