Өлеңдер ✍️

  06.04.2022
  103


Автор: Жұмекен Нәжімеденов

Қарын болса...

Қарын болса... қарынға тойған міндет.
Қайтер едім жазуды қойған күнде?
Қайда барсам əйтеуір орман көрем,
орман көрсем кетеді ойланғым кеп.
Жалаң қылыш – бұлақтар... жатқан гүлдеп
жайлауымды көрем деп аттандым көп.
Қайда барсам əйтеуір тауды көрем,
тауды көрсем кетеді мақтанғым кеп.
Ойлар, ойлар, ал жүдет, аздыр мені!
Нені іздедім, білмеймін, қаздым нені.
Қоңыр дəптер, алдымнан сені көрем,
сені көрсем кетеді жазғым келіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу