а) Аяттардан:
Оқылуы: «Раббии әъуузу бикә мин һәмәзәәтиш-шайатыйин, уа әъуузу бикә рабби әй-йахдуруун».
Мағынасы: «Раббым! Өзіңмен шайтандардың азғыруынан сақтанамын. Өзіңмен, Раббым, олардың қасыма келуінен сақтанамын» (Мүминун, 97, 98).
ә) Хадистерден:
Оқылуы: «Әъузу бикәлимәәтилләәһит-тәммәти мин шәрри мәә халақ».
Мағынасы: «Алланың кемел сөздерімен жаратқан жамандықтарынан сақтанамын». (Мүслім, Термези риуаят еткен).
Оқылуы: «Әъузу билләәһи уа қудратиһи мин шәрри мәә әжиду уа ухәәзиру».
Мағынасы: «Алланың атымен және құдіретімен тап болған әрі қауіптенген нәрселерден сақтанамын» (Ахмет, Мүслім және Ибн Мәже риуаят еткен). Осман ибн Аффаннан жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қандай да бір пенде әрбір күннің таңында немесе әрбір түннің кешінде «Есімі аталғанда жерде де көкте де ешнәрсе зиян ете алмайтын Алланың атымен, Ол Естуші һәм Білуші» деп айтса оған ештеңе де зиян ете алмайды». Әбу Дәуіт, Ибн Хиббан және Хаким риуаят еткен.
Оқылуы: «Бисмилләһилләзии ләә йадурру маъасмиһи шәй’ун фил-арди уа ләә фис-сәмәә, уа һуас-сәмииъул-ъәлиим». Пайғамбардың (с.а.с.) қыздарының бірінен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) оған былай деп үйреткен: «Таңертең тұрғанда «Алла пәк һәм мақтаулы, Алладан басқа күш те, қуат та жоқ, Алланың қалағаны болады, ал қаламағаны болмайды. Алланың әрбір нәрсеге құдіретті екендігін һәм әрбір нәрсені толық білетіндігін білемін» деп айт. Кімде-кім осы сөздерді таңертең айтса, кешке дейін қорғалады, кімде-кім кешке айтса таң атқанша қорғалады». (Әбу Дәуіт, Нәсәи риуаят еткен).
Оқылуы: «Субханаллааһи уа бихамдиһи, уа ләә хәуләә уа ләә қууәтә илләә билләәһ, мәә шәә’аллааһу кәәнә, уа мәә ләм йәшәә’ ләм йәкун, әъләму әнналлааһа ъәләә кулли шәй’ин қадиир, уа әнналлааһа қад ахаата бикулли шәй’ин ъилмән».
«Оқылуы: «Аллааһуммахфазнии мин бәйни йәдәййә уа мин халфии уа ъән йәмиинии уа ъән шимәәлии уа мин фауқии, уа әъуузу биъазамәтикә ән уғтәәлә мин тәхтии».
Мағынасы: «Уа, Алла! Мен алдымнан және артымнан, оңымнан және солымнан һәм үстімнен сақта! Өзінің ұлылығыңмен астымнан жамандық келуінен сақтанамын».
Оқылуы: «Аллааһуммә ъаалимәл-ғайби уаш-шәһәәдә, фаатыйрас-сәмәәуәәти уал-ард, раббә кулли шәй’ин уа мәлиикәһу, әшһәду әл-ләә иләәһә илләә әнт, әъуузу бикә миң шәрри нәфсии, уа шәрриш-шайтаани уа ширкиһ, уа ән ақтәрифә ъәләә нәфсии суу’ән әу әжурраһу илә муслимин».
Мағынасы: «Уа, Алла! Көмес пен көрнеуді білуші! Көктер мен жерді жаратушы! Барлық нәрсенің Иесі һәм Паштасы! Сенен басқа тәңір жоқ екендігіне куәлік беремін. Өзіңмен нәпсімнің кесірінен, шайтанның кесірінен және ширк ісінен, өзіме жамандық істеуден не мұсылманға зиян етуден сақтанамын».
ummet.kz