Алла елшісі (с.ғ.с.): Кімде-кім күн сайын таңертең және кешке «Субханналлаһи уә бихамдиһи». Мағынасы: Аллаға сансыз мақтау мен шүкіршілік айта отырып, Оны кемшілік атаулыдан пәктеймін деп жүз рет айтатын болса, қиямет күні өзге ешкім де оның осы ісінен артық іс жасап келмейді» деген (Муслим, зикр 26).
Таң атқанда:
- «Аллаһума бикә асбахнә уә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру». Уа, Алла тағалам! Сенің арқаңда арайлап атқан таңды көрдік. Сондай-ақ, Сенің ықтиярыңмен өмір сүріп, Сенің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Сосын бәріміз де Саған қайтамыз!
- «Асбахнә уә асбахал-мулку лилләһи». Біз де, бүкіл билік те әлемдердің Раббысы Аллаға тән болып таң атырдық.
Кеш батқанда:
- «Әғузу би кәлиматиллаһит-тәммәти мин шәрри мә халақ». Алланың мінсіз сөздерімен күллі жаратылыстың кесір-кесапатынан Аллаға сиынамын.
- «Аллаһуммә бикә әмсәйнә уә бикә нахйә уә бикә нәмуту уә иләйкән-нушуру». Уа, Алла тағалам! Сенің арқаңда кештен кешке жеттік. Сенің ықтиярыңмен тіршілік етіп, Сенің бұйрығыңмен дүниеден озамыз. Соңында бәріміз де Саған қайтамыз!
Күн сайын таңертең және кешке «Қул һуаллаһу ахад» және «Муаууизәтәйнді» («Фалақ» және «Нас» сүрелерін), сондай-ақ, «Бисмилләһил-ләзи лә йәдурру маға-смиһи шәйун фил-арди уә лә фис-сәмай уә һуәс-сәмииғул-алимді» үш реттен айтып жүрсе, жамандық атаулыдан, зиянды нәрселерден сақтайды.
Аталған дұғаларды Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі күнделікті қолданып, өзгелерге де айтып жүруге кеңес бергендігі жайлы Әбу Һурайра (р.а.), Ибн Масғуд (р.а.), Абдуллаһ ибн Хубәйб (р.а.), Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізген хадистерден білеміз.
материал «Пайғамбарымыздың таңғы және кешкі дұғалары» кітабынан алынды,
ummet.kz