06.04.2022
  732


Автор: Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар

Пайғамбардың (с.ғ.с) намаздан соң оқыған дұғалары


Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бірде Муаз ибн Жәбәлдің қолынан қысып ұстап тұрып:




– Муаз, мені жақсылап тыңда. Сені жақсы көремін, – деді.


– Әкем мен шешем жолыңа құрбан, ей, Алланың расулы! Алланың атымен ант етемін, мен де сені жақсы көремін, – деді Муаз да ағынан жарылып. Осыдан соң Алла елшісі:


– Муаз, әр намаздан кейін мына дұғаны міндетті түрде оқы: «Аллам! Саған шүкіршілік ету, сені зікір ету және саған құлшылық ету үшін маған жәрдем ет. Мені жақсылығыңнан мақрұм етпе!».


Әбу Бәкір (р.а.): «Пайғамбарымыз намаздан кейін  былайша дұға етуші еді: «Аллам! Күпіршіліктен, кедейліктен және қабір азабынан өзіңе сиынамын».


Пайғамбар, намаз, дұға


Али (р.а.) айтады: «Алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) намаздан сәлем беріп шыққаннан кейін, былай дұға ететін: «Аллам! Өткен-кеткен және келешектегі, жария және жасырын істеген күнәларымды, бос сөз бөстекі әңгімелерім мен әрекеттерімді, менің өзім білмейтін, бірақ өзіңе ғана аян барлық қателерімді кешіре гөр!»


Аун ибн Абдуллаһ ибн Утба (р.а.) әңгімелейді: «Бір күні біреу Абдуллаһ ибн Амр ибн Астың қасында намаз оқып отырып, оның «Аллаһуммә әнтәс-Сәләм уә минкәс-Сәләм, Тәбәрактә йә зәл-Жәлали уәл-Икрам (Аллам! Тыныштық пен бейбітшіліктің қайнар көзі болып табылатын сәлем Сенсің. Барлық тыныштық пен амандық Сенде. Ей, Ұлылық пен жақсылықтың иесі болған Аллаһым. Сенің даңқың қандай ұлы)», – деп дұға еткенін естиді. Тағы бірде Абдуллаһ ибн Омардың жанында намаз оқып отырып, әлгі дұғаны оның да аузынан естігенде еріксіз күледі. Абдуллаһ ибн Омар мұның мәнісін сұрағанда, Ол:


– Абдуллаһ ибн Амр ибн Астың да осылайша дұға етіп отырғанын көргенмін, – дейді.


– Иә, себебі Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да сәлем бергеннен кейін осыны оқушы еді, – деді ибн Омар (р.а.)».


материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,


ummet.kz





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу