Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  274


Автор: Абдрахман Асылбек

Сақтандыру

Сақтандыру деген кәде бар,
Кәде емес, бәле бар.
Сақтандыру арқылы адамдар,
Қолданып түрлі амалдар,
Керемет күн көрмек,
Бәріне үлгермек.
Көшеде қалмауы үшін өлігің,
Сақтандырылуы керек көлігің.
Оранбауы үшін жалынға,
Сақтандырылуы керек тамың да.
Айналмауы үшін залымға,
Сақтандырылуы керек арың да.
Кеудеңде демің барында,
Сақтандырылуы керек жаның да.
Я, біздер сақтандық,
Міндетімізді атқардық.
Сонда не ұттық?
Не күттік?
Біреу көлігіңді қағып кетті,
Радиаторының суы ағып кетті,
Немесе көлік түгел жанып кетті.
Оның шығыны өнбейді,
Ары жүгіріп,
Бері жүгіріп,
Қолыңнан ешнәрсе келмейді.
Үйің шатырлап,
Өртеніп жатыр ма?
Өрт сөндірушілер көрмейді,
Үй өртеніп бітпей келмейді.
Оның құны өтелмейді,
Сақтандырушылар көтермейді.
Біреу арыңды таптады ма?
Балағаттап боқтады ма?
Айтшы, ол әкім болса,
Не әкімге жақын болса,
Сот оны соттады ма?
Бітіп тұрған демің бар,
Күтіп тұрған өлім бар.
Ауруханаға түстің бе?
Жатсаң да қыл үстінде,
Насырға шабар іс мүлде.
Дәрігер ақшаңмен ғана бағалайды,
Ақшаң болмаса, қарамайды.
Өлсең өле бер,
Тағдырдың салғанына көне бер.
Ақша тапса жанашырың,
Сөнбей қалар қарашығың.
Дәрігердің гиппократтық анты қайда?
Өлімге араша түсер салты қайда?
* * *
Яғни, ақшаң болса,
Өміріңді сақтандырады.
Ақшаң болмаса,
О дүниеге аттандырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу