Өлеңдер ✍️

  05.04.2022
  117


Автор: Абдрахман Асылбек

Мәңгірген Мәкең

Мәкең бастық нар еді,
Жаратушы жар еді.
Мекемеде мінетін
Машинасы бар еді.
Сол көлікке мінгелі,
Мәкең жаяу жүрмеді.
Үй, мекеме, қызмет –
Басқа еш нәрсе білмеді.
Қала үлкен, ғаламат,
Жүрген емес аралап.
Қай жерде тұр өз үйі –
Білген емес шамалап.
Мәкең бірде істі боп,
Қызметінен ұшты кеп.
Тұрып қалды мәңгіріп,
Таппай барар тұсты дөп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу