Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
05.04.2022
188
Операда – он адам
Опера дегенді білесіз бе?
Театрға кіресіз бе?
Композитор Азат деген
Опера жазып «Қазақ» деген,
Дүрілдемекке ой қылды,
Онысын театрда қойдырды:
Оркестрде алпыс адам,
Хорда жетпіс адам,
Биде елу адам,
Басты рольде бес адам,
Ария айтатын екі адам,
Барлығы – жүз сексен жеті адам.
Сахнада ине шаншар жер жоқ,
Әртістер қара тер боп,
Білгендерін төпеп жатыр,
Міндеттерін өтеп жатыр.
Еңсесі биік заңғардай
Мың орындық зал қандай!
Бірақ, қызық екен мұнысы –
Қол соқпады бірісі,
Көрермендер түгел ұйықтап қалғандай.
Бақсақ, мынада екен мәнісі –
Қаңырап қалған зал іші:
Он-ақ адам отыр бар-жоғы,
Түсінікті ғой аржағы.
* * *
Осындай болса өнершің,
Өнерің қалай көгерсін?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter